• Басты бет
  • Барлық курстар
  • Сұрақ-жауап
  • Ережелер
  • Жаңалықтар
  • Менің кабинетім

Курс қалай өтеді?

“Fabrika oratora” онлайн мектебі аясындағы ақпарат, тапсырмалар, тапсырманың есебін беру, сабақ кестесі, жаңалықтарды оқу ыңғайлы болу үшін, арнайы сайт (алдығы уақытта платформа) құрастырдық. Барлық сабақ тек сол платформа арқылы жүреді. Сілтемесі: https://t.fabrika-oratora.kz// Оқу басталатын күні, бізге жіберген e-mail почтаңызға, немесе телефоныңызға смс түрінде платформаға кіруге қажетті «құпия сөзі» бар хат жібереміз. Сондықтан Ақпаратты ДҰРЫС жіберу өте маңызды! Ақпарат қате жіберілген жағдайда, платформаға уақытылы кіргеніңізге жауап бермейміз. Кейін почтаңызға ешнәрсе келмейді. Барлық сабақ тек платформа аясында болады.

Платформаға 3-тен артық техника құралдары арқылы кірсеңіз, курс қолжетімсіз болып қалатынын ескертеміз.

Құрметті студент, курс пайдасын арттырып, Сіздің назарыңызды дұрыс бағытқа бұру мақсатында курстың арнайы ережелерін бекіттік.
1. Төлем жасалған соң, оқу ақысы мүлде қайтарылмайды!
2. Біз сіздің жеке ақпаратыңызды қате жазғаныңызға жауапты емеспіз, сол үшін мұқият толтыруды өтінеміз.
3. Барлық сабақтар, тапсырмалар Астана уақытымен беріледі/тексеріледі.
4. Біздің мамандарға сағат 9:00-21:00 аралығында ғана сұрақ қоюға болады.
5. Курс кураторлары мен администраторларын жексенбі күндері мазалауға болмайды. Телефон арқылы хабарлама жазуға да.
6. Ақпаратты, тапсырманы толық оқу (түсінбеген жағдайда тағы екі рет қайталап оқу)
7. Тапсырмаларды уақытылы орындауыңыз керек.
8. Сылтау қабылданбайды
9. Басқа қатысушыларға немесе курс ұйымдастырушыларына дөрекі сөйлеуге, дініне, жынысына, жеке басына, намысына тиесілі сөздер айтуға болмайды.
10. Оқу материалдарын жүктеуге, таратуға болмайды. Барлығы авторлық құқықпен қорғалған!
11. Барлық сұрақтарыңызды what’s app -қа xат түрінде жіберу (қоңырау шалуға, аудио жазба жіберуге болмайды)
12. Әр орындалмаған ереже шарты үшін ескерту аласыз, 3 ескерту алған студент оқудан шығарылады. Ережелерін сақтамаған қатысушыларды, модератор ақшаны қайтармай курстан шығара алады.

Платформаға қатысты сұрақтарыңызды +7702 563 44 94 осы номерге WhatsApp-қа ХАТ түрінде жазыңыз.