• Главная
  • Все Курсы
  • Вопрос-ответ
  • Правила
  • Новости
  • Мой кабинет

Сұрақ жауап

Аудиожазбаларды, материалдарды жүктей алмай жатырмын. Қалай жүктеп алса болады?
Авторлық құқық сақталу барысында, аудио, видео файлдарды жүктеп алуға болмайды.
Парольді қалай ауыстырамын?
Платформаға кірген соң, жоғарғы сол жағында «Менің профилім» шығады. Жаңа құпия сөз, ескі құпия сөз енгізіп «Сақтау» батырмасын басасыз.
Тапсырмалар почтаға келеді ме?
Жоқ. Почта, телефондарыңыз тек осы платформаға сілтеме, логин, құпия сөз жіберу үшін керек болды. Бүкіл ақпарат, тапсырма тек платформа аясында ғана жүреді.
Видеолар ашылмай жатыр
Біз жақтан қателік жоқ. Видео ашылмаса біріншіден интернет жылдамдығы төмен болуы мүмкін. Екіншіден басқа браузермен ашып көріңіз, баптамалары өзгеше болу керек. Үшіншіден техникалық құрылғыңызды ауыстырып, басқа жерден кіріп көріңіз.

ОҚУ БАРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ СҰРАҚТАР

Сұрақты кімге қоямыз?
Біз мейлінше барлығы түсінікті болатындай, текст түрінде де видеода да барлығын түсіндіріп өттік. Сол себепті сұрақ қоймас бұрін міндетті түрде барлығымен танысыңыз. Болмаса, екінші рет қарап шығыңыз. Дұрыс сұрақ - жарты жауап. Бір-біріміздің уақытымызды бағалайық!
Оқудың программасын, келесі сабақ қашан болатынын қайдан білеміз?
Платформада "Жаңалықтар" деп аталатын бөлім бар. Сол жерде барлық өзгерістер, курсқа қатысты ақпараттар беріледі. Сонымен қатар fabrika_oratora инстаграм парақшасында да жариялаймыз.
Тапсырманы қай күнге дейін тапсырсам болады?
Бір айда берілген сабақтарды, сол айдың соңғы күніне дейін тапсыра аласыз. Келесі айда алғашқы айдың тапсырмалары қабылданбайды.
Тапсырма жіберілмесе, басқа сабақтар жіберіледі ме?
Курстан шығып кетпедім бе? Бұл марафон емес. Бұл курс. Тапсырманы орындасаңыз да, орындамасаңыз да барлық ақпаратты аласыз.
Тапсырманы жібердім, жауабын қашан аламыз?
Мейлінше тапсырмаларды тез тексерудеміз. Сіздер көп болғандықтан тапсырма тексеру уақыты 2-3 күн.